Жаңалықтар | Новости

Ел қатарына қайта қосқан Аллаға сансыз шүкір – Мейрамбек Бесбаев

Мейрамбек Бесбаев бірнеше күн бұрын ауырып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Әріптестері қолдау көрсетіп, халқы дұға-тілегін білдірді. Аурудан айыққан әнші көпшілікке алғасын айтты, деп жазады stan.kz.

“Ең әуелі еміме шипа беріп, ел қатарына қайта қосқан Аллаға сансыз шүкірлік. Менің тілеуімді тілеп отырған ата-анама, отбасыма, бауырларыма, өнердегі аға-әпкелеріме, достарыма мың алғыс. Ес білгелі бері елім алақанына салып әлдилеп келеді.

Қадірлі ағайын, сіздердің тілектеріңізге басымды иіп рахметімді айтамын. Ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз. Айналайын ағайын, індеттің бары рас. Сақтаныңыздар, күтініңіздер. Бірінші байлық денсаулық екенін есте ұстайықшы. Қорыта келе, мен үшін алаңдаған баршаңызға рахмет. Мен сіздерді жақсы көремін. Ауырмаңыздар!”, – деп жазды Бесбаев парақшасында.

Айта кетейік, Мейрамбек Бесбаев коронавирус жұқтырып, Алматыдағы ауруханаға түсті. Бұл туралы “МузАРТ” тобының директоры Ерлан Жүнісбай мәлімдеді.

Комментарий