Жаңалықтар | НовостиТалқыдағы тақырып

Браконьердің үйі екен деп қалсам, Спорт және туризм академиясының басшысының бөлмесі дейді

Браконьердің үйі екен деп қалсам, Спорт және туризм академиясының басшысының бөлмесі дейді. Сұмдық екен. Бір фотода барыстың суреті тұр, екіншісінде оны алып тастапты. “Жоқ, бұл сілеусін ғой. Сілеусін бізде қызыл кітапқа енбеген” депті. Бірақ Жанқошпен түскен фтотода сілеусіннің де, барыстың да тұлыбын көрдік. Одан бөлек қасқыр, арыстан, аққу, түйеқұс, керік және басқа жануарлар тұр.
Президентіміз экологияны сақтауға қатысты заңға қол қойды. “Табиғат пен тіршілік иелерін аялау керек” дейді. Мына тұлыптар үшін жазалана ма, жоқ па? Әлде заң тек қарашаға ғана арналған ба?
Негізі нағыз браконьерлер ірі лауазымда отырғандар ғой. Оны көпшілік біледі. Тікұшақпен ұшып, қымбат джиппен зулап барып, ең соңғы оптикалық қарумен бейкүнә жануарды атып түсіру үшін қыруар қаржы керек.
Асхат Қасенғали

Комментарий