Судья мінбері | Судебная система

Жемқорлықты жою міндет

Елбасымыз  Н.Ә. Назарбаев халқына арнаған Жолдауында « Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес, ол мемлекет тиімділігіне деген сенімді түсіреді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді. Біз сыбайлас жемқорлықпен күресуді лезде күшейтуіміз, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы әрі қарай жетілдіруіміз қажет, біздің түпкілікті масқатқа қол жеткізуіміз үшін – сыбайлас жемқорлықты құбылыс ретінде жоюуымыз қерек» – екендігін жеткізді. Осы орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың іргелі негіздері «Қазақстан-2050» Стратегиясында, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамудың Стратегиялық жоспарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі Стратегиясында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қазақстан Респбуликасының 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясында көрініс тапты. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бес институционалды реформаларын жүзеге асыру бойынша сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа басымдықтары белгілендігін айтып өту керек.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Қазіргі таңда елімізде жемқорлықпен күресудің жолын қарастыруда көптеген іс шаралар қолға алынды. Соның ішінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы қалыптасты.

Аталған жұмыстардың нәтижесінде азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасының деңгейі өсті.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу азаматтарда мораль және адамгершілікті, рухани мәдениеттілікті және өз еліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыруды талап етеді. Тек, қоғам бұл құбылыстың мүлдем болмауына көз жеткізген кезде ғана, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға болады. Қазақстан Республикасының әр азаматы өз мемлекетінің ажырамас бөлігі екенін, және олардың әрқайсысы бұл зұлымдыққа қарсы тұра алатының сезінген кезде ғана, біз бұл дертті жеңеміз!

Маңғыстау облысының қылмыстық

істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының бас маманы З. Аманкулова

 

Комментарий