Жаңалықтар | Новости

Алматы облыстық сотының ғимараты карантинге жабылды

Алматы облыстық сотының ғимараты карантинге жабылды, деп жазады nege.kz.

Ендігі сот отырыстары қашықтан өтеді. «Талдықорған қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері 20 қаңтарда арнайы қаулы қабылдады. Облыстық сот және оның аумағында 20 қаңтардан 2 ақпанға дейін карантин енгізілді» делінген Алматы облыстық соты таратқан хабарламада. Ведомствоның мәліметінше, соттың жұмысы қашықтан жұмыс режиміне ауыса отырып, толығымен тоқтатылады.

«Сот ғимаратына СЭҚ қызметкерлерінен басқаларының кіруіне қатаң тыйым салынады. Осы мерзімде қарауға тағайындалған істер кейінірек мерзімге ауыстырылады. Тағайындалған күні мен уақыты туралы ақпарат қатысушыларға қосымша жолданады. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 107-бабына сәйкес келіп түскен материалдарды судья Талдықорған қалалық сотының ғимаратында қашықтан қарайды» деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Комментарий