Бас тақырып | Тема дняЭкономика

Елімізде мұғалімдер мен дәрігерлерге бастапқы жарнасыз баспана беріледі

Білім беру және денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне тұрғын үй сатып алуға 40 миллиард теңге бағытталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“ҚИК” АҚ басқармасының төрағасы Әділ Мұхамеджанов парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваның ұсынысы бойынша қазақстандық ипотекалық ұйым білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлеріне арналған тұрғын үйді ипотекалық несиелендіру бойынша арнайы бағдарлама дайындады.

“Бүгін біз “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасының тетіктерін пайдалана отырып, денсаулық сақтау және білім министрліктерінің қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы ұсыныс жасадық. Осы бағыттағы жұмысты қаржыландыруға 40 миллиард теңгеден астам қаражаты және нарық жағдайында тартылған қаражат бөлінетін болады. Осылайша, бағдарламаны жүзеге асыру мемлекеттік бюджетке қосымша жүктеме салмайды”, – деді ол.

Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.
Әділ Мұхамеджанов “ҚИК” АҚ-ның 2015 жылдан бастап кейіннен өтеу құқығымен жалдамалы тұрғын үй салу мен сатып алуды қаржыландырып отырғанын атап өтті.

“Осы уақыт ішінде біз Қазақстан бойынша 18 мыңнан астам отбасыға тұрғын үйді ұсындық. Компанияның тәжірибесі әлеуметтік маңызы бар жобаны ойдағыдай іске асыруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз”, – деді ол.

Әділ Мұхамеджанов қатысушылар үшін жалдамалы тұрғын үйді сату шарттары туралы әңгімеледі. Жалға алу мерзімі – 20 жыл, алдын-ала төлеудің жоқтығы, кез келген уақытта және айыппұлсыз тұрғын үйді мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндіктері бар, жеткіліксіз болған жағдайда кепілдіктерді тарту мүмкіндіктері қарастырылған.

“Сонымен қатар, бағдарлама бойынша жалдаудың орташа айлық құны республикадағы орташа нарықтық бағадан төмен”, – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ тұрғын үйге өтініш берушілердің тізімі тікелей министрліктер тарапынан қалыптасатынын атап өтті. Өз кезегінде, “ҚИК” АҚ жарияланған қатысушылардың төлем қабілеттілігін бағалайды және бағалау нәтижелері бойынша өтінімдері мақұлданған үміткерлермен ұзақмерзімді жалдау шартын жасайды.

“Бағдарламаны жүзеге асыру екі жылда кем дегенде 3 мың отбасыны өз баспанасымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді”, – деді Мұхамеджанов. Баспасөз мәслихаты барысында “Қазақстан Ипотекалық Компаниясы” АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрліг, ҚР Білім және ғылым министрлігі арасындағы “Нұрлы жер” бағдарламасыаясында министрліктер мен ведомстволық ұйымдарға жалға беру туралы келісімге қол қойылды.

Комментарий (3)

  1. Оңғарбайқызы Фариза

    Сәлеметсіздер ме!жақсы бастама!жаңадан салынған үйден берилеме алде жас маман сияқты биреудин үйін сатып алуға бола ма?

  2. Оңғарбайқызы Фариза

    кредитім бар беріле ме үй?

  3. Балғабай Әсел

    Кушті бастама екен осы бағдарлама кашан басталады екен кай уакытта ала аламыз

Комментарий