Қоғам | Общество

ШҚО-да иіс тиген әйел мен оның баласы мерт болды

Аягөз қаласында иіс тиген 32 жастағы әйел мен оның баласы көз жұмды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 19 қаңтарда сағат 09:30-да Аягөз қаласының Серғазин көшесіндегі жеке тұрғын үйде 4 адамға иіс тиген. Әйел адам бірден сол жерде көз жұмды. Ал оның 3 баласы ауруханаға жеткізілген.

«Біраз уақыттан кейін 2008 жылы туған ұл ауруханада жан тапсырды. Ал 2013 және 2015 жылғы екі бала әлі ауруханада жатыр», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Оқиға орнында ТЖД мамандары жұмыс істеуде. Алдын ала мәлімет бойынша жазатайым оқиғаның себебі – пеш мұржасының уақтылы тазаланбауынан болуы мүмкін.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ
Шығыс Қазақстан облысы

Комментарий