Жаңалықтар | Новости

ШҚО-да кәсібін дамытқысы келген ер адам алаяққа 25 млн теңге берген

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны алаяққа алданып, 25 млн теңгесінен айырылды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қаңтар айының басында Өскемен қаласындағы Үлбі полиция бөлімінің полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен Тарбағатай ауданының 27 жастағы тұрғынын ұстады.
Өткен жылдың қыркүйек айының ортасында әйел адам кәсіпті дамытуға көмектесетіндігін айтып Ұлан ауданының 30 жастағы тұрғынын алдап соққан. Осылайша, ол 25 млн теңге пайда көрді.
«Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ
Шығыс Қазақстан облысы

Комментарий