Құқық | Право

Қызылордада сотталғаннан есірткі заты тәркіленді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінде жұмыс обьектілерінен мекемеге оралған сотталған азаматтарды тінту-тексеру жұмыстары күнделікті жүргізілуде.
Мекеме қызметкерлері жұмыс обьектісінен оралған Т. есімді сотталғанды тексеру барысында оның қалтасынан темекі қорабының ішіне 3 дана шылымға нығыздалып салынған, сотталғандардың пайдалануы мен сақтауына тыйым салынған «жасыл түсті өткір иісті» зат тәркіленді.
Тәркіленген зат бойынша жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, Қызылорда қалалық ПБ-ның жедел-тергеу тобы шақырылды.
Сот сараптамасының қорытындысымен салмағы 1,98 грамм құрайтын «кептірілген марихуана» екені дәлелденіп, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаменті

 

Комментарий