Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда бір тәулікте 1003 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1 003 дерегі тіркелді.

468 адам жазылып шықты, 8 науқас қайтыс болды.

Жаңа дерек елдің барлық өңірінде тіркелді. Павлодар облысында (155), Нұр-Cұлтанда (125), Ақмола облысында (99), Алматыда (97), Алматы облысында (97) науқас коронавирус жұқтырды.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте тіркелген дерек саны:

Алматыда – 20 444(+97);
Нұр-Сұлтанда – 20 020(+125);
Шығыс Қазақстан облысында – 19 548 (+28);
Атырау облысында – 14 952(+71);
Қарағанды облысында – 12 782(+62);
Павлодар облысында – 10 573(+155);
Батыс Қазақстан облысында – 9 935(+47);
Солтүстік Қазақстан облысында – 9 562(+55);
Қостанай облысында – 8 671(+74);
Ақмола облысында – 8 341(+99);
Алматы облысында – 8 192(+94);
Шымкентте  – 5 726(+19);
Жамбыл облысында – 5 271(+24);
Маңғыстау облысында – 3 886(+17);
Түркістан облысында – 3 889(+10);
Ақтөбе облысында – 3 819(+21);
Қызылорда облысында – 3 488(+5).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 169 099-ға жетті. Барлығы 153 503 адам COVID-19-дан жазылды шықты, 2 416 науқас қайтыс болды.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

2021 жылғы 16 қаңтардағы мәлімет бойынша 17 дерек тіркеліп, 2 жағдай өліммен аяқталған. 40 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 46 848 коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырды, 540 науқас қайтыс болды, барлығы 34 613 адам аурудан айықты.

Комментарий