Қоғам | Общество

Еңбек ескерусіз қалмайды

Патриот деп кімді атауға болады?
Әрине кез-келгеніңіз өз елін, туған ыжерін, ұлтын сыйлайтын адам деп бірден жауап беретініңіз сөзсіз. Дұрыс.
Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпиталь директоры, м.ғ.д., профессор Дамир Дәулетбаев қаны қазақ деп қайнап тұрған нағыз патриот жан. Бар ғұмырын еліміздің медицинасын дамытуға арнаған, жанына сауға іздеп келген қаншама науқасқа ота жасап, аяғынан нық тұруға көмектескен қолы алтын хирург Дамир Абайділдаұлы бүгінде госпитальді басқарып отыр.
Осы елге сіңірген еңбегін ескеріп, “Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен мүгедектері” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерлан Жарылқасынұлы Алданазаров Дамир Абайділдаұлы Дәулетбаевты ‘Казахстан патриоты’ төсбелгiсiмен марапаттады.

Комментарий