Құқық | Право

Алматы облысында көршісінің баласын зорлаған адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Ол баланы алдымен ұрлап кеткен

Алматы облысында көршісінің баласын ұрлап, оны жертөлелердің бірінде зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылдың 7 наурызында Н. есімді ер адам мас күйде көршісінің кішкетай баласын ұрлап кеткен. Баланың қарсылығы мен айқайына қарамастан, аузын жауып, оны ешкім көрмейтін жеке тұрғын үйдің жертөлесіне апарып, жұдырықпен ұрған. Салдарынан бала есін жоғалтып, дәрменсіз күйде, зорлық-зомбылық пен жыныстық әрекетке ұшырады. Сотта сотталушы айыпты мойындамады, әрекеттің дәлелденбеуіне байланысты өзін ақтауды сұрады.

Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, куәгерлердің айғақтарымен, сот-сараптамалық зерттеулердің нәтижелерімен дәлелденді. Сондықтан сот жаза тағайындау кезінде қылмыстың аса ауыр санатына жататынын, қылмыстың сипатын, сотталушының жеке басын, оның ішінде қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайларды ескерді. Оған қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде жазасын өтей отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза тағайындалды.

Комментарий