Қоғам | Общество

Мейрамбек Беспаев коронавирус жұқтырды

“МузАРТ” тобының солисі, танымал әнші Мейрамбек Беспаев коронавирус жұқтырып, Алматыдағы ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы “МузАРТ” тобының директоры Ерлан Жүнісбай мәлімдеді.  “Кеше жедел жәрдем шақырттық. Алғашында пневмония деп айтқан, кейіннен коронавирус расталды. Онымен сөйлестім. Айтуынша, бұл ауруға өзі де сенбеген. Дәрәгерлерге алғысын айтып отыр. Барша қазақстандықтарға бұл аурудың қауіпті екенін айтып, үйде отыруларын сұрайды”, – деді ол.

Комментарий