Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 12 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
16 қаңтардағы жағдай бойынша, 24 065 науқас коронавирустан ем алып жатыр. 6 145 науқас стационарда жатса, 17 920 науқас амбулаторлық ем алып жатыр.
290 науқас – ауыр жағдайда;
науқастардың 70 пайызы – аса ауыр жағдайда;
жасанды тыныс алдыру аппаратында – 46 науқас.
Комментарий