Құқық | Право

Ақтөбеде жолдарды сапасыз салған компаниялар сотқа тартылды

Ақтөбе қаласының Сәңкібай батыр даңғылындағы жолдар дұрыс жөнделмеген. Мердігер компания өз қаржысына қайта қалпына келтіреді, – деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Атыраудың “Шам” ЖШС-і және “Еңбек-Ақтөбе” компаниялары жолды сапасыз салғаны үшін сотқа тартылды. “Көктем кезінде қала ішіндегі суларды жинап, Сазды өзеніне құю жобасы аяқсыз қалды. Бәріне Атыраудың “Шам” ЖШС-і кінәлі. Сотқа берілді, “қара тізімге” ілінді. Жобаны аяқтау үшін қаржының бір бөлігі аударылды, ал құрылыс жұмысын жергілікті компания міндетіне алды”, – деді қала әкімі Ілияс Испанов. Сонымен қатар Сәңкібай батыр даңғылының Сәтпаев көшесі мен Әлия Молдағұлова даңғылына дейінгі аралығы қайта жөнделеді. “Еңбек-Ақтөбе” компаниясы шұңқырға айналған жолдарды өз қаржысына қалпына келтіріп жатыр. Мәншүк Мәметова, Некрасов, Тургенев көшелері мен 5 шағын аудандағы жолдар да жөнделеді.

Комментарий