Елең еткізер | АктуальноҚұқық | Право

Жұрт Қарағандыда суға батқан ер адамды құтқарған полицейдің ерлігіне күмән келтіруде

Қарағандыда суға бастан ер адамды құтқарған полицей көпшілікке өкпелі. Себебі желі қолданушылары оның ерлігіне күмән келтіріп, сөгіп жатыр.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бұған дейін полицейдің суға батқан ер адамды құтқарып қалғаны түсірілгені туралы ақпарат тараған еді. Желіде жарияланған видеода полицейдің ерлігі көрсетіледі. Бұған сүйсінгендер де, кері пікір жазғандар да бар. Оқиға ойдан құрастырылған деп сөккендердің қарасы көп.

“Егер сол адамның жанынан өтіп кетсем, мені көмектеспеді деп айыптар еді. Енді өтірік істеді деп жатыр. Адамның көңіліне келеді екен. Ешкімге жақпайсың”, – дейді полицей Дастан Азамбаев.

Ал, суға батқан ер адам балық аулап жүріп суға кеткенін айтады. Суда жақсы жүзгенімен аяғы тартылып қалған. Сол себепті жағаға жете алмай қалдым деп отыр.

Комментарий