Жаңалықтар | Новости

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс төрағасы қызметіне ұсынылды

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы қызметіне ұсынылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 

“Отырыс барысында Мәжіліс Төрағасы қызметіне Нұрлан Нығматулиннің кандидатураларын ұсыну бойынша фракцияның шоғырландырылған позициясы әзірленді, Павел Казанцев пен Балайым Кесебаева Мәжіліс төрағасының орынбасарлары қызметіне, Д.Нұрманбетова әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы ретінде, Қанат Мусинді Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы ретінде, М.Құсайыновты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы ретінде, А.Құспанды Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы ретінде, Альберт Рау экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің төрағасы ретінде ұсынылды”, – делінген хабарламада.

Комментарий