Құқық | Право

Қарулы күш қатары толықты

Кеше Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/14 мекемесінде Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып,  Қазақстан Республикасының  қарулы күштері қатарына Ұлттық Ұлан сарбаздары алынып, салтанатты түрде  Ант қабылдады. Сарбаздар Отан алдындағы азаматтық борышын 3660 әскери бөлімінде өтейді.  Айтулы шараға Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/14 мекемесі бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Б.Сүтбеков қатысып, Отан қорғаушыларға жауынгерлік қаруды салтанатты түрде табыстап, сәттілік тіледі. Өз кезегінде ЛА-155/14 мекеме әкімшілігі жауапкершілігі зор әрі қырағылықты талап ететін міндетте  азаматтық борыштарын адал және абыроймен өткеруге шақырды.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД.

Комментарий