Жаңалықтар | Новости

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше қаладағы оқушылар қашықтан оқиды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан мен солтүстіктегі бірнеше облыс, шығыстағы және Қазақстанның орталығындағы мектептер қашықтан оқу форматына көшті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының мәліметінше, 14 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты 0-9-сынып аралығындағы бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды.

Қарағандының Білім басқармасы 14 қаңтардан бастап 0-11-сыныптың бірінші және екінші ауысым оқушыларына мектепте сабақ болмайтынын хабарлады. Оқушылар қашықтан оқуға көшті.

Қостанайда минус 23 градус аязға байланысты 0-11-сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшеді.

Өскеменде минус 29 градус, осыған байланысты 0-4-сыныптың бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды. Одан бөлек, Шемонаиха (0-4-сыныптар) және Күршім аудандарының (0-5-сыныптар) бірінші ауысым сыныптары да қашықтан оқуға көшті.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Екібастұзда да 1-4-сыныптың бірінші ауысым білім алушылары қашықтан оқиды.

Саран және Теміртау қалаларының 1-5, 9, 1 және 12-сынып оқушылары да қашықтан оқу форматына көшті.

Комментарий