Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда жаңа кеден бекеттері пайда болды

Қазақстанда жаңа кеден бекеттері пайда болды,  – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет мәліметінше, “Құрық” кеден бекеті мен “Қара шекпен” бақылау-өткізу пункті құрылды, сондай-ақ “Түркістан-КРО” кеден бекетінің аты өзгерді.

 1) Алматы қаласы бойынша МКД:

– “Алмалы – КРО” кеден бекеті қысқартылды;

 2) Ақмола облысы бойынша МКД:

– “Атбасар” кеден бекеті қысқартылды;

 3) Маңғыстау облысы бойынша МКД:

– “Қашаған” кеден бекеті қысқартылды;

– “Морпорт” к/б “Қарашекпен” бақылау-өткізу пункті құрылды;

– “Құрық” кеден бекеті құрылды;

 4) Түркістан облысы бойынша МКД:

– “Түркістан-КРО” кеден бекеті “Түркістан-КРО-Әуежай” кеден бекеті болып қайта аталды.

Сондай-ақ, 14 қаңтардан бастап қысқартылған кеден бекеттерінде кедендік декларацияларды беру мүмкіндігі тоқтатылатыны айтылады.

“Осыған байланысты декларанттар мен кеден өкілдері кедендік декларацияларды беру үшін қызмет аймағында тауарлар кедендік бақылауда болатын басқа кеден бекетін таңдауға құқылы”, – деді ведомство өкілдері.

Комментарий