Жаңалықтар | Новости

Қазақстан тағы да “сары” аймаққа кірді

Қазақстан тағы да “сары” аймаққа кірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министр, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстан коронавирустың таралу қарқыны бойынша “сары” аймаққа қайта кіргенін мәлімдеді.

“Қазақстан “жасыл” аймақтан “сарыға” көшті. Ал “сары” аймақтан “қызыл” аймаққа екі облыс – Қостанай және Ақмола облыстары өтті. Қазіргі уақытта “сары” аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстары орналасқан. Қаңтар айында Батыс Қазақстан облысы  жасыл “аймақтан” “сары” аймаққа ауысты. Қалған облыстар “жасыл “ аймақта”, – деді Қиясов онлайн-брифингте.

Комментарий