Синоптиктер 14-16 қаңтар күндері ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері ауа температурасы жоғарылайды.
“14-15 қаңтарда Салехард аудандарынан ығысқан антициклон республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның қысқа мерзімді тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Тек кезеңнің соңында Жерорта теңізі циклонының келуімен ауа температурасының жоғарылауы болжанады. Кей жерде қар жауады, оңтүстікте және батыста жауын-шашын (қар, жаңбыр), боран, тұман, желдің күшеюі, батыс және оңтүстік облыстарда көктайғақ болады”, – деді синоптиктер.
Комментарий