Жаңалықтар | Новости

Қазақстандағы мемлекеттік мекемелердегі пара сомасы аталды

Transparency Kazakhstan қоғамдық қоры Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріндегі пара сомасын жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоғамдық қор 9 мың респондентке қалалар мен аудан орталықтары деңгейінде сауалнама жүргізген.

“Бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық мәмілелеріндегі делдалдардың үлесі алты пайызға өсті, мұны респонденттер карантин кезенде мемлекеттік мекемелерден жеткіліксіз мәлімет алғанымен байланыстырды”, – деді Transparency Kazakhstan ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, пара сомасы 1000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін болған. Ал былтыр ол сома 500 – 500 000 теңге аралығында болған.

Комментарий