Жаңалықтар | Новости

Мектептер жабылып, көлікпен жүруге тыйым салынады. Талдықорғанда карантин күшейтіледі

Талдықорғанда 15 қаңтардан бастап карантин күшейтіледі. Қаланың бас санитар дәрігері Ермек Есімқұловтың қаулысына сәйкес бойынша мұндай қатаң шаралар 29 қаңтарға дейін жалғасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Есімқұлов  онлайн-брифингте Талдықорған коронавирус бойынша “қызыл аймақта” екенін айтты.

Оның айтуынша, 2020 жылдың 16-29 желтоқсаны аралығында коронавирус жұқтырудың 131 жағдайы, 30 желтоқсан мен 12 қаңтар аралығында 166 жағдай тіркелген, өсім – 0,6 пайыз.

“Қазір мектептер, университеттер, колледждер өз қызметін толығымен тоқтатады, оқыту тек қашықтан жүзеге асырылады”, – деді ол.

Жаңа қаулыда мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындар, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлер келесі режимді сақтауы қажет екені айтылады:

  • Талдықорған қаласының аумағындағы меншік нысанына қарамастан ұйымдардың барлық кеңсе қызметкерлерін қашықтықтан жұмысқа ауыстыру (қызметкерлер саны 15 және одан да көп адам болатын ұйымдар қызметкерлерінің кемінде 80 пайызы);
  •  Екінші деңгейдегі банктердің, пошта бөлімшелерінің, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын алдын ала жазылу бойынша, – электронды кезек және халықтың көп жиналуын болдырмау және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау мақсатында басқа да шаралар бойынша ұйымдастыру;
  • ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу, сондай-ақ жаппай корпоратив және басқа да іс-шараларды өткізу үшін жеке меншік үйлер мен құрылыстарды жалға алуға тыйым салу;
  • бетпе-бет режимде кеңестер (отырыстар, семинарлар, форумдар, тренингтер, конференциялар) өткізуге тыйым салу;
  • техникалық және кәсіптік, орта және жоғары білім беретін мектептер мен ұйымдарда қашықтан оқыту форматында онлайн-оқытуды ұзарту.

Комментарий