Жаңалықтар | Новости

Алматыда қалың қар салдарынан 70 жол апаты болған

Алматыда қалың қар салдарынан түнгі сағат үштен бері 70 жол апаты болған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, жол апаттарынан 6 адам зардап шеккен.

Осыған байланысты ведомство өкілдері жүргізушілерден абай болуды сұрайды.

“Жауын-шашынның көп болуы қаладағы қозғалысты қиындататыны түсінікті – кептеліс болды. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, көбіне бұған кей жүргізушінің төмен тәртібі себеп: кей жүргізуші жылдамдықты төмендетпей, апат жағдайына себеп болады, қауіпті маневрлер жасайды, бір-біріне құрметсіздік танытады, оған қоса, жүргізушілер рұқсат етілмеген жерлерде жолдан өтеді”, – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев.

Комментарий