Құқық | Право

СОТ ӘКІМШІЛЕРІ ЖҰМЫСЫНА КІРІСТІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ

Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов Қызылорда облыстық сотының ұжымына Соттар әкімшісінің жаңа басшысы Сағатбек Сүлейменді таныстырды. Нұрсұлтан Байтілесов пен Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев Сағатбек Сүлейменнің сот жүйесіндегі кәсібилігін, жеке қасиеттерін, білімі мен жұмыс тәжірибесін атап өтті. Спикерлер өңір соттарының жұмыс сапасын арттыру үшін барлық күш-жігерін салатынына сенім білдірді. Жұмыс сапары барысында Н. Байтілесов облыстық сот басшылығымен жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс шеңберінде құрылатын мамандандырылған сотты
орналастыру жоспарын талқылады. Департамент басшысының орынбасары Қызылорда қаласының №2 сотына, қалалық, мамандандырылған әкімшілік, экономикалық, қылмыстық, тергеу соттарына барды. Ол сот мұражайымен, оқу орталығының, баспасөз орталығының және медиация кабинетінің жұмысымен танысты. Сот қызметкерлерімен кездесіп, Жоғарғы Соттың сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету, сот ісін жүргізуде цифрлық технологияларды кеңінен қолдану және жаңа әкімшілік соттарды құру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы хабардар етті. Сонымен қатар, материалдық-техникалық жабдықтау, ұйымдастыру мәселелеріне және электрондық сот төрелігі сервистерінің жұмысына ерекше назар аударылды.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫ

Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов Шымкент қалалық сотының ұжымына Соттар әкімшісінің жаңа басшысы Берік Мейірхановты таныстырды. Нұрсұлтан Байтілесов пен сот төрағасы Ербол Рахымбеков Берік Мейірхановтың сот саласында атқарған еңбегі мен тәжірибесіне тоқталып, жаңа қызметте үлкен сенім артылып отырғанын жеткізді. Жаңа басшы өзіне жүктелген сенімді ақтап, өңір соттарының кадрлық және материалдық-техникалық жағдайын жақсарту үшін барлық күш-жігерін салатыны анық. Жұмыс сапары барысында департамент басшысының орынбасары мамандандырылған экономикалық, әкімшілік және қылмыстық соттардың ұжымымен кездесіп, сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету, сот ісін жүргізуде цифрлық технологияларды кеңінен қолдану және азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін арттыру бойынша Жоғарғы Сот тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Сонымен қатар, осы күні Н.Байтілесов Шымкент қаласының әкімі Мұрат Айтеновпен кездесіп, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс шеңберінде биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап іске қосылатын мамандандырылған сотқа ғимарат бөлу мәселесі жөнінде келісімге келді. Судьялар мен сот жүйесі мамандарын қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты әлеуметтік мәселелер де талқылау тақырыбына айналды. Мейірханов Берік Талғарбекұлы 2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2008 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын және 2017 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-тағы Бостон университетін бітірген. Оның сот жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жылдан асады. Бұған дейін ол, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің азаматтық істер жөніндегі сот алқасының хатшылығы судьялардың консультанттары тобының бас консультанты қызметін атқарған.

Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі

Комментарий