Судья мінбері | Судебная система

“Жеті түйіннің” жүгі ауыр

 Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов еліміздегі сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша жеті басым міндетті саралап, алдағы уақытта орындалар мақсат ретінде белгілеп берген болатын. Заңгерлерден, Судьялардан, адвокаттардан, сот қызметкерлерінен, заңгерлік қауымдастықтардан келіп түскен мыңнан астам ұсыныстың негізінде даярланған, оларды қорыту нәтижесінде екшеліп, анықталған «Жеті түйіннің» негізінде бүгінде сот саласында қыруар жұмыстар атқарылып жатыр.
«Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е-СОТ», «Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Сотсыз татуласу орталығы» деп аталатын жеті жоба 2020 жылға дейінгі сот жүйесін дамыту тұжырымдамасының негізін құрайды. Ол сот жүйесін жаңа даму деңгейіне көтеруі тиіс. Тұтастай алғанда, аталған жобалардың негізгі ортақ міндеті – қоғамның соттарға деген сенімін арттыру болып табылады.  Осы жеті жобаның негізінде сот  жүйесін одан әрі дамыту, сот төрелігіне сенімді арттырып, сот төрелігінің әділдігін,  жауапкершілігін арттыру бағытында жұмыстар атқарылуда.

Ең бастысы бүгінде осы жеті жобаның негізінде сот  жүйесін одан әрі дамыту, сот төрелігіне сенімді арттырып, сот төрелігінің әділдігін,  жауапкершілігін арттыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Жылдың басынан бері аталған жоба шеңберіңде аз емес жұмыстар атқарылды. Мәселен, Жоғарғы Сотпен «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулыға өзгерістер енгізілді. Қабылданған қаулыда екі қағидатты мәселе қамтылды. Біріншіден, сот шешімін жариялағаннан кейін судья қарапайым тілмен тараптарға өз шешімін түсіндіретін болады. Екіншіден, нормативтік қаулыда сот шешімін қалай дайындау туралы түсінік берілді. Өзінің маңыздылығына орай қаулы ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап қолданысқа енгізілді.

Сонымен қатар, Жоғарғы Сот әралуан факторларды зерделей келе, медиация мен бітімгерлік шараларын ынталандыруға кірісті. Қазіргі таңда бірқатар істердің санаттарын сотқа жеткізбей шешу мақсатында нақты шаралар қабылданды. Оған қоса, республиканың көптеген соттарында медиация кабинеттері ашылды, онда кәсіпқой медиаторлар, сондай-ақ пилоттық тәртіпте татуластырушы-судьялар жұмыс істеуде.

Жалпы алғанда, сот жүйесінде атқарылып жатқан шаралардың негізгі мақсаты – соттар жұмысын тиімді ұйымдастыру болып табылады.

Сондықтан сот  саласын жаңа бір сапалық деңгейге көтеріп жатқан « Жеті түйін» жобасының қоғамға берері мол болып отыр!

Ю. Шабан, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының жетекші маманы

Комментарий