Судья мінбері | Судебная система

Жемқорлықпен күрес жандана түсті

Бүгінгі күні қоғамымызда қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу және сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп лауазымды қолданып алу немесе ысырап ету секілді қылмыстар аяусыз жазаланда. Өйткені жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы іске асатынын байқап отырмыз.

Осы орайда Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Сондықтан халықтың құқықтық сауатын көтеру бағытында да жұмыстар атқарылуда. елімізде үнемі жүргізіліп келе жатқан жүйелі де салмақты жұмыстардың арқасында қоғамда қатерлі дертке қарсы төзбеушілік қалыптасты. Екіншіден, жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі заңдарымыздың сапасы арта түсті. Демек жемқорлықпен күрес тоқтамақ емес.

А.А. Бакин, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының судьясы

Комментарий