Жаңалықтар | Новости

Сырдария аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға жиналыс өтті

Сырдария аудандық пробация қызметінің есебіндегі сотталғандардың қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыру, қайта қылмыстың алдын алу мақсатында Сырдария ауданы прокуроры Е.Алмазұылының және Сырдария аудандық полиция бөлімінің бастығы міндетін атқарушы полиция подполковнигі Е.Жаналиевтің төрағалықтарымен пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға карантин режими ескеріле отырып жиналыс өткізілді.

Сырдария аудан прокуроры мен полиция бөлімі басшысы сотталғандарға қайта қылмыс жасамау, әкімшілік құқық бұзбау жөнінде түсіндмелер жүргізіп, әлеуметтік-құқықтық көмектер бойынша сотталғандар тиісті сла мамандарына сұрақтарын қойып сауалдарына жауаптарын алды. 2020 жылдың жыл басынан 73-сотталғанға қатысты жеке бағдарламалар толтырылып, 173-әлеуметтік құқықтық көмектер көрсетілген. Қазіргі таңда 41-сотталған есепте тұрады. Адасқанның айыбы жоқ қайта тапса тобырын демекші осындай іс-шаралар аз да болса септігін тигізетін болады деген сенімдеміз.

Сырдария аудандық пробация

Қызметінің аға инспекторы

Әділет капитаны А.Сақыбеков

 

Комментарий