Жаңалықтар | Новости

БЖЗҚ сайты істемей қалды

Қазақстандықтар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) сайтына кіре алмай жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БЖЗҚ баспасөз қызметінің өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, сайтта техникалық ақаулар пайда болды.

«2021 жылдың 2 қаңтарынан 4 қаңтарға дейін қордың корпоратив сайтында, мобильді қосымшада және жеке кабинетте техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты кейбір сервис уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін», — делінген enpf.kz сайтындағы хабарламада.

Комментарий