Бас тақырып | Тема дняҚұқық | Право

Президент өлім жазасының күшін жоюға қатысты заңға қол қойды

Сонымен қатар Мемлекет басшысы күзет қызметі туралы заңға да қол қойды

Мемлекет басшысы «Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Комментарий