Қоғам | Общество

Семей коронавирус бойынша «сары» аймаққа кірді

Семей коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймаққа кірді. Бұл туралы Aikyn.kz қалалық әкімдіктің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің хабарлауынша, халықтың 100 мың тұрғынына шаққандағы апта сайынғы сырқаттанушылық және репродуктивті инфекцияның жиынтық индикаторын ескере отырып, Семей Шығыс Қазақстанның эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес Covid-19 таралуы бойынша «сары» аймаққа кірді.

«Осы себепті барлық қауіпсіздік шарасын сақтауларыңызды сұраймыз. Гигиена сақтап, маска тағып, қажеттілік болмаса адам көп жиналған жерлерге бармаңыздар», – деп жазды әкімдік.

Бұған дейін ШҚО-да шектеу шаралары 18 қаңтарға дейін ұзартылған болатын.

Комментарий