Жаңалықтар | Новости

Алматыда сайлау күні ірі базарлар жабық болады

Алматының бизнесмендері дауыс берудің жоғары мәдениетін көрсетті.

9 маусымды демалыс күні ету бастамасын тағы бес базардың басшылығы құптады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сайлау күні жабық тұратын базарлар – «Ақ бұлақ», «Түрксіб», «Арлан», «Керуен», барахолка құрамындағы «Қазына», «Юпитер», «Рахат-2», «Сәлем» және «Кенжехан»

«Юпитер» сауда үйінің директоры Евгений Игумновтың айтуынша, оның кәсіпорны 2000 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Реконструкциядан кейін базары сауда үйіне айналып, қазір онда 106 сауда орны бар, 150-дей адам жұмыс істейді.

«Кенжехан-2» базарының директоры Рахметжан Сейітов өз базарына жұмыс күндері күніне 3-4 мың адам, демалыс күндері 5-6 мың адам келетінін айтады. Оның базарында 1300-ден астам адам жұмыс істейді.

«Сәлем» базарының директоры Бауыржан Мәметовтің айтуынша, оның базарында 380 жұмыс орны құрылған. Ал «Қазына» базарында 400-дей адам жұмыс істейді.

Комментарий