Жаңалықтар | НовостиСпорт

Бауыржан Исламхан 2 жылға футболдан шеттетілді

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Азия футбол қауымдастығы Тәртіпті бақылау комитеті тарапынан өзіне қатысты қандай жаза шыққанын білді. Бұл туралы журналист Айдин Қожахмет Telegram-каналында жазды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Отандасымыз Тәртіпті бақылау комитетінің шешімі бойынша, екі жылға футболдан шеттетілді.

Айта кетейік, Исламхан 16 қыркүйекте Азия чемпиондар лигасында “Әл-Садд” командасына қарсы кездесуден кейін допинг-сынама тапсырған. Сол сынамадан оның қанынан рұқсат етілмеген дәрумен табылған болатын.

Комментарий