Жаңалықтар | Новости

Нұр-Сұлтанда 26 желтоқсаннан бастап кинотеатрлар ашылады

Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар жұмысына 26 желтоқсаннан бастап рұқсат берілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысына сәйкес, 26 желтоқсаннан бастап қала  кинотеатрларына санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып, жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

“Кинотеатрларға отыратын орындар санының 30 пайызынан аспайтын көлемде жұмыс істеуге, күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша екі орындық арқылы және қатарлар арасында шахматтық тәртіппен отырғызуға рұқсат етіледі. Жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс кестесі – 10.00-ден 24.00-ге дейінгі аралықта жұмыс істеуге рұқсат берілсін. Карантин және шектеу шараларын бұзу фактісі анықталған жағдайда кинотеатрлар жұмысы тоқтатылады”, – делінген қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысында.

Алайда ешқандай да акция ұйымдастыруға болмайтыны айтылады.

Бұдан басқа, мереке күндері қарсаңында мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалардың жұмыс уақыты 24.00-ге дейін ұзартылады. Күшейтілген санитариялық-эпидемиологиялық, санитариялық-профилактикалық шараларды сақтай отырып, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және бір үстелге 4-6 адамнан асырмау керек, мекеме ішінде адам саны 30-дан аспауы керек.

Бірақ жұмыс кестесі 22.00-ге дейін сақталатын тұрғын үй ғимараттарында орналасқан нысандардың жұмысындағы шектеу сақталады.

Бұл ретте ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық шараларды, оның ішінде жаңажылдық ертеңгіліктерді, корпоративтерді және мерекелеудің басқа да түрлерін өткізуге қатаң тыйым салынады.

Карантин және шектеу шаралары бұзылған жағдайда нысандардың қызметі тоқтатылады.

Комментарий