Жаңалықтар | Новости

Жамбылдық бапкер бюджеттен 8 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

– Жамбыл облысында бапкер бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті облыстық әкімдіктің денсаулық сақтау және спорт басқармасы армрестлинг бойынша бапкерінің бюджет қаржысын жымқыру фактісін анықтады.

«Ол жалған бастапқы төлем есептемелерін ұсыну арқылы іссапар шығынына бөлінген 8 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілініп отыр. Кінәсін толық мойындауына және жеделдетілген сотқа дейінгі өндірісті қолдану туралы өтінішіне байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ» делінген хабарламада. Бүгінде тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты түпкілікті үкімді сот шығарады.

 

 

Комментарий