Жаңалықтар | Новости

Кейінгі тәулікте қанша адамнан пневмония анықталды?

Кейінгі тәулікте 156 адамнан пневмония анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

“Кейінгі тәулікте (23 желтоқсанда) коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 156 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 83 адам емделіп шықты”, – делінген хабарламада.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 44951, 483 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 32 523-ке жетті. Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 149 462-ге жетті.

Комментарий