Жаңалықтар | Новости

Сәкен Майғазиев Шымкентте жаңа қызметке тағайындалды

Белгілі әнші, “МузАРТ” тобының мүшесі Сәкен Майғазиев Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Есенова Ханзада Әзімханқызының өкімімен “Шымкент қалалық мәдениет үйі” концерттік ұйымы” МКҚК директорының міндетін атқарушысы болып Майғазиев Сәкен Қордабайұлы тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Сәкен Майғазиев 1975 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжінде “Соқпалы аспаптар және эстрада әншісі” бөлімі бойынша білім алған. 1997 ж. Т.Жүргенов атындағы “Өнер” академиясының “Эстрада әншісі” бөлімі бойынша білім алған.

2001 жылдан бастап “МузАРТ” тобының мүшесі. 2012 жылдан бастап – Ж.Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінде ұстаз қызметін атқарды. 2018-2020 жылдар аралығы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметін атқарды.

Комментарий