Жаңалықтар | Новости

Алматы облысында беби-бокстар қойылды

Елімізде алғаш рет Еңбекшіқазақ ауданындағы көпсалалы ауруханада ата-анасы бас тартқан балаларға арналған беби-бокстар қойылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аурухана директоры Жәмилә Әбеуова беби-бокстардың жанында бейнебақылау камералары болмайтынын, барлығы құпия болатынын атап өтті. Ол балаға қажет медициналық көмек бірден көрсетілетінін жеткізді.

“Әйел баланы өмірге әкеліп, қиын жағдайда қалғанда, баладан бас тартқысы келсе, баланы тәрбиелеуге мүмкіндігі болмаса, моральдық жағынан баланы отбасында тәрбиелей алмаса, беби-боксқа келе алады (…) Мұнда бейнебақылау камерасы болмайды, оның баланы осында қалдыруға мүмкіндігі бар. (…) Анасында 3 ай ойланып, баласын алуға мүмкіндігі бар”, – дейді Әбеуова.

Еске салайық, 2017 жылы бұрынғы мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова Қазақстанда беби-бокстар қоюды ұсынған еді.

Комментарий