Талқыдағы тақырып

Ержан Тәліп:”Екі сиыр, он тауығы бар адамды бай санатына қосатын елде заң жобасын қайта қарау керек болып тұр”

Жаздың күні ауылға барсам, досымның сиыры тал түсте үйінде байлаулы тұр. “Ауырып қалған ба әлде семіртейін деп жатырсың ба” – десем, “Пәленшенің бақшалығына түсіп кетсе, ауданнан милиция шақыртып, он бес мыңдай шытырап салады” – дейді.
– Ойбай-ау, ол туысқаның емес пе? – демеймін бе таңғалып, сөйтсем
– Қазір туысқанға қарайтын заман емес қой, Ереке – дейді досым шарасыз.
Бір сиырды бағып-қағу үшін айына он бес мың теңгедей кетеді екен кемінде. Қысы-жазы қолға қараған соң одан да көп кетуі бек мүмкін.
Екі сиыр, он тауығы бар адамды бай санатына қосатын елде заң жобасын қайта қарау керек болып тұр.

Комментарий