Экономика

Енді Қазақстан азаматтары ЕАЭО-ға кіретін елдерде несие рәсімдей алуы мүмкін

Құжатқа сәйкес, несиелік есеп несие тарихын пайдаланушының өтініші бойынша беріледі.Енді Қазақстан азаматтары ЕАЭО-ға кіретін елдерде несие рәсімдей алуы мүмкін

Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей кредиттік тарихтармен алмасу бойынша келісім жасасуды жоспарлап отыр, деп хабарлады paryz.kz tacc.ru-ға сілтеме жасап.

Бұл келісімге қол қою туралы Ресей Федерациясы Үкіметінің 11 желтоқсандағы өкімінен туындады. Құжатқа сәйкес, несиелік есеп несие тарихын пайдаланушының өтініші бойынша беріледі.

“Ресейдің Экономикалық даму министрлігі және Ресей банкімен келісілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі кредиттік тарихтың құрамына кіретін мәліметтермен алмасу тәртібі туралы келісім жобасы мақұлдансын”, – делінген құжатта.

Кредиттік есеп кредиттік тарихты пайдаланушының сұратуы бойынша ұсынылады.

Келісім жобасын РФ Қаржы министрлігі дайындады. Министрлік бұған дейін бұл келісім ресейліктер мен заңды тұлғаларға ЕАЭО-ға кіретін елдерде, ал Одақтың басқа елдерінің азаматтарына Ресейде несие алуға мүмкіндік беретінін атап өткен болатын.

Комментарий