Бас тақырып | Тема дняЖаңалықтар | Новости

Детектив шығармалар байқауының жүлдегерлері марапатталды

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. 

Кемел Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауы 2018 жылдан бері үш жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.

 

 

 

Қазақ прозасының кенжелеп қалған жанрын жандандыру  мақсатында қолға алынған байқау жылдан-жылға танымал болып, көпшілік арасында үлкен беделге, сұранысқа ие болып келеді.

 

«Заң» медиа-корпорациясы» ЖШС ұйымдастырған байқауға алғашқы жылы еліміздің түкпір-түкпірінен 70-тен астам үміткер өз шығармасын жолдады.

 

 

Биыл жақсы іс жалғасын тауып, байқау үшінші жыл жария етілді. Белгілі меценат, кәсіпкер Бағдат Мәнізоров демеуші болып отырған байқауға бір жарым айдың ішінде 61 шығарма қазақ тілінде,  47 шығарма орыс тілінде қабылданды.

 

 

 

 

 

 

Соның ішінде ынталандыру сыйлығын Дәнеш Асқарбекұлы, Берік Керуенбаев, Айжан Қабдір, Мұрат Мұқаш, Тотай Ерімбетов есімді азаматтар иеленді. Ынталандыру сыйлығы — 50 000 теңге!

 

 

 

 

 

Ал 3-орынды Алма Түсіпбекова, Роман Сакне, Темірлан Есіркеп қанжығаларына байлады. 3-орын жүлдесі — 100 000 теңге!

 

 

 

 

 

 

 

2- орынды Нұршат Өтеулиева мен Қанағат Әблқайыр иеленді. 2-орын жүлдесі 200 000 теңгенң құрады!

 

 

 

 

 

 

1-орынды Серік Әбікен мен Ерлан Қалиев иеленіп, әрқайсысы 500 000 теңгені қанжығасына байлады.

Ал бас жүлде иегері — Нұрбол Әлдібаев. Ол 1 миллион теңгенің иегері атанды. Осылайша детектив шығармалар байқауы өз мәресіне жетті.

Әрине, барлық салаға залалын тигізіп, кедергісін келтіріп отырған коронавирус індетінің салқыны біздің байқауымызды да айналып өткен жоқ. Соның кесірінен бәйгені кеш бастауымызға тура келді. Бұған қоса, аймақтарда тұратын жүлдегерлерді де Алматыға жинап, ұтысын өз қолына табыстау біраз қиындық тудырды. Дегенмен, осындай қиын-қыстау кезде «Заң» медиа-корпорация» ЖШС қызметкерлерінің өтінішіне құлақ асып, детектив шығарма жазып жүрген қаламгерлерді қолдауға ниет білдірген Бағдат Мәнізоровқа алғысымыз шексіз!

 

Комментарий