Қоғам | Общество

Семейде мектеп директорына не үшін айыппұл салынғаны белгілі болды

Биылғы оқу жылы басталғанға дейін Қазақстандағы барлық мектептер бейнекамерамен жабдықталуы тиіс болатын. Семей қаласындағы мектептерді тексеру нәтижесінде полицейлер антитеррорлық қауіпсіздік шараларының бұзылғанын анықтады.

Білім ошақтарының бірінде аумақты бейнебақылау құрылғыларымен қамтуда бірқатар кемшіліктер анықталған. Сондай-ақ, бақылау камералары нысанның периметрлерін толық қамтымайтыны да белгілі болды.

Осыған байланысты мектеп басшылығына Әкімшілік кодекстің 149-бабы, 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

Сот мектеп директорына 100 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК – 2 778 теңгеге тең) көлемінде айыппұл тағайындады. Бұл 277 мың 800 теңгені құрайды.

Айта кетейік, Тараз қаласындағы мектеп дәретханасында оқушы қыз зорланғаннан кейін, биылғы оқу жылы басталғанға дейін Қазақстандағы барлық мектептерді бейнекамерамен жабдықтау тапсырылған болатын.

Комментарий