Видеогалерея

Мұздақтағы отты өзен: Камчаткада жанартау атқылады – видео

Камчаткада Ключевской жанартауы қайта оянды. Жанартау ошағынан ұшқан күл бағаналары бірнеше шақырым биіктікке жетті

Кейіннен сейсмологтар жанартаудан лава ағыны атқылай бастағанын хабарлады. Ал отты өзен 1,5 шақырымға созылды.

Бұл биылдыққа жанартаудың төртінші рет атқылауы. Мұның алдындағы жағдай қарашаның соңында тіркелген.

Ключевской жанартауы – Еуразиядағы ең биік жанартау. Оның биіктігі 4 800 метр.

Жанартау атқылауының қызықты кадрын видеодан көріңіз.

Комментарий