Құқық | Право

Кеңесхан Рахымжановты еске алу шарасы өткізілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Алматы облыстық ҚАЖД 155/14 мемлекеттік мекемесінде биыл да осы ұжымның бұрынғы басшысы қызметтік тапсырманы орындау барысында мерт болған әділет полковнигі Кеңесхан Рахымжановты еске алу шарасын өткізді.

 Құқық қорғау органдарында 1974 жылдан бастап қызмет атқарған. әділет полковнигі К.Рахымжанов, күнделікті қызметте кəсіби деңгейін көтеруге, мəдени көпшілік ортасында байсалдылықпен  ой-өрісін кеңейтуге аса зор көңіл бөлетін. 2004 жылдың 20 маусымында ҚАЖ комитетінің Алматы қаласы жəне Алматы облысы бойынша басқармасының ЛА-155/14 мекемесінің жедел бөліміне мекеменің тыйым салынған аймағына ішімдік жəне есірткі заттарды азаматтық тұлғалар өткізеді деген шұғыл ақпарат келіп түскен.

ЛА-155/14 мекемесінің басшылығы əділет полковнигі К.Рахымжановтың басқаруымен, осы шұғыл ақпаратты талқылап, Қапшағай қалалық ҚІІБ басшыларына тез арада жеткізіп, мекеменің тыйым салынған аймағына өткізетін уақытта ҚІІБ қызметкерлерімен азаматтық тұлғаларды ұстауға бірлесе іс-шаралар өткізу қажет деп шешім қабылдады. Осы іс-шараны іске асыру үшін, 20.06.2004 жылы 13.00 сағатта, ЛА- 155/14 мекемесінің бастығы К. Р.Рахымжанов бастаған топ Алматы-Өскемен тас жолының  64 шақырымында жол апатына ұшырайды. Қақтығыс салдарынан  Кеңесхан Рахымжанұлы Рахымжанов оқиға орнында қайтыс болды.

Осыған орай, мекеме басшылығы  16 желтоқсан Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты еске алу шарасын өткізіп, марқұмның  келіншегі Мағиля Рахымжанованы мерекемен құттықтап, сыйлық тапсырды.

Жыл сайын ЛА-155/14 мекемесінің ұжымы қаза тапқан қызметкер полиция полковнигі К.Рахымжановты еске алып, мекерекелік іс- шаралар ұйымдастырылады.

Алматы облысы.

Комментарий