Қоғам | Общество

Министр ҰБТ орталығының директоры не үшін қамалғанын айтты

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов мемлекеттік сатып алу кезінде қонақүй қожайындарынан пара алған деп айыпталып отыр. Бұл туралы білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мәлімдеді, – деп хабарлайды “Астана” телеарнасы.

Еске салайық, 24 мамырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры Рамазан Әлімқұловты ұстаған болатын. “Тергеу амалдары жүріп жатыр. Бізге белгілі болғандай, ол мемлекеттік сатып алу кезінде қалаға келуші адамдарды орналастыратын қонақүйлерді таңдауға қатысты қамауға алынған”, – деді министр Шәмшидинова.

“Қазіргі таңда бұрынғы Ұлттық тестілеу орталығының бас директорының міндетін атқарушы (орталықты 2016 жылы басқарған) білім жүйесімен байланысты мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында үлестес компаниялардың мүддесін лоббилендіруі үшін пара ретінде бағасы 9 миллион теңгеден асатын Toyota Camry алды деп танылды”, – делінген еді агенттіктің хабарламасында.

Комментарий