Саясат | Политика

Назарбаев Путиннің ұсынысымен ЖЕЭ кеңестің құрметті төрағасы болды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына қосқан үлесін ескере отырып, Ресей Федерациясының президенті Владимир Владимирович Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы мәртебесін беруді ұсынды.

Қазақстан Республикасының атынан осындай бастама берген Ресей президентіне шын алғыс айтамын және қолдау көрсеткен барлық серіктесімізге алғыс білдіремін”, – деді отырыс барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Комментарий