Жаңалықтар | Новости

Желтоқсанда Apple тағы үш өнімін таныстыруы мүмкін – БАҚ

Apple компаниясы 2020 жылдың соңына дейін тағы үш жаңа құрылғыны таныстырмақ, – деп хабарлайды РИА Новости.

Macrumors мәліметінше, жаңа гаджеттер қатарында 16-дюймдік экраны бар MacBook Pro ноутбугы бар, оған өзінің жаңа чипі салынады.

Тағы бір жаңа құрылғы – Apple TV 2020 гаджеті. Жаңа теледидар гаджетінің алты гигабайт оператив және 128 гигабайт тұрақты жады бар a12z Bionic чипсетіне салынатыны айтылады.

Ал үшінші таныстырылатын өнім, компаниядағылардың айтуынша, толықөлшемді AirPods құлаққаптары. Ол құлаққаптар 600 долларға бағалануы мүмкін.

Дереккөз мәліметінше, бұл өнімдер 8 желтоқсанда таныстырылып, бірнеше күннен соң сатылымға шығарылуы мүмкін.

Комментарий