Талқыдағы тақырып

Ал біз басымызды имейтін, тәкәппар сіңір кедейміз

Алматының бір кафесіне бардым. Ет пен пюреге тапсырыс беріп едім, еті ертерек келді де, пюресі кешікті. Пюрені күтпей етті жеп тауысқанда пюре келді. Жымидым да, пюрені жемедім. Я же өзімше гордый ))
Ақшасын төлеп, шығып бара жатқанда, кафенің администраторы “Аға, Сізге барлығы ұнады ма?” деп қолын кеудесіне қойып, ИІЛІП сұрады … Мен сіңірлігін білдірмейтін Сіңірмін ғой, бірақ өзімше керіліп: “Сервис ұнамады, пюреден етің ерте келеді екен” деп білгішсініп ақыл айттым. Администратор жігіт қолын кеудесіне қойып, одан да төмен ИІЛІП: “Аға! Кешіріңіз, енді қайталанбайды!” деді.
Кафенің администраторы екі рет иілген соң, не дейсің? Талтаң-талтаң етіп кетіп бара жатып, артыма бір қарап едім, жаңағы администратор жігіт өзінің Lexus LX570 көлігіне отырып, кетіп бара жатқанын көріп қалдым. Мен гордый сіңір жаяумын.
Сонда менің түсінгенім, пысықтар керек жерде иіліп, керек жерде кешірім сұрап, керек жерде ұтылуға да даяр. Нәтижесінде олар байиды. Ал біз басымызды имейтін, тәкәппар сіңір кедейміз.
Самат Нұртаза
Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий