Қоғам | Общество

Пара ретінде Toyota Camry алған шенеунік ұсталды

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры ұсталып қалды.

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы 3 жылда білім беру саласында коррупцияға қатысты 620 дерек тіркелген, келтірілген шығым сомасы – 1,5 млрд. тенге. 364 тұлға әшкереленді, оның ішінде 57 мектеп директоры, 10 колледж директоры, 22 балабақша меңгерушісі.

Осы аптада ҚР БҒМ “Ұлттық тестілеу орталығы” басшылығы тарапынан жасалған жемқорлық схемасы ашылды.

“Ұлттық тестілеу орталығын” 2016 жылы басқарған бұрынғы басшы су жаңа Toyota Camry автокөлігін пара ретінде алды деген күдікке ілінді. Ол көліктің құны 9 млн теңгеден асады. Бас директор мемлекеттік сатып алуда сыбайлас компанияның мүддесін қорғағаны үшін пара алған.

Пара ретінде берілген автокөлік тәркіленді.

Сондай-ақ, Ұлттық тестілеу орталығын 2017-2018 жылдары басқарған тағы бір бас директор да жүйелі түрде аса ірі көлемде пара алып келген. Ол директор да қамауға алынды.

Комментарий