Қоғам | Общество

Каирзаманова Елдана:”Заман ағымы”

Қазір заман неге қатты өзгерді,

Адамдар ше?! Неге олай істеді?!

Бұрынғыдай адамдар жоқ ойлаған,

Әрқайсысы өз-өзімен жүреді.

 

Балалар ше?! Бұрын улап-шулаған,

Қазір отыр телефонға байланған.

Оған назар аудармайды ешкім де,

Ойнамайды, тек тыныштық жайлаған.

 

Телефон ба, адамдарды улаған,

Телефонсыз адам жоқ бұл жалғанда.

Тәуелділік күннен күнге артуда,

Адамдарды жанарынан айырған .

 

Айтарым сол, барша жанға тыңдаған,

Адамдар денсаулықты ойлаңдар!

Денсаулық қой адамдағы бір  байлық,

Бұл өмірде бұның бәрі құр жалған.

Комментарий